Хабарландырулар және байқаулар
«Абай әлемі» республикалық байқауын өткізу ережесі
- Жалпы ережелер
- Ұлы ақын, композитор Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған
«Абай әлемі» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.
- Байқаудың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру және музыкалық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
- Міндеттері:
- Абай Құнанбаевтың ән мұрасын орындаушылық өнер арқылы дәріптеу;
- қатысушылардың музыкалық шығармашылығы мен орындаушылық шеберлігін дамыту;
- талантты оқушыларды анықтап, қолдау көрсету, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал ету;
- қазақ музыкасының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматта өткізеді.
- Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, байқауды өткізеді және қорытындылайды.
2.Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
- Байқау 2025 жылғы 16 сәуір – 23 мамыр аралығында өткізіледі.
- Байқауға қатысу үшін 2025 жылғы 15 мамырда сағ. 18.30-ға дейін konkurs.muz@mail.ru электронды поштаға мына материалдарды жіберу қажет:
- 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
- сканерден өткізілген төлемақы құжаты (түбіртек немесе төлем тапсырмасы);
- www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.
- Байқауға 2025 жылғы 15 мамырдан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.
- Байқау қорытындысы, дипломдар, сертификаттар 2025 жылғы 23 мамырда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
- Ұйымдастырушы Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.
- Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторды көрсете отырып, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.
- Байқауға қатысу үшін жеке орындаушылар 2 500 (екі мың бес жүз) теңге, ансамбльдер (әр қатысушыға) – 1 500 (бір мың бес жүз) теңге жарна енгізу қажет.
Төлемақы:
- барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент: 19).
БИН 990140004733
ИИК KZ918560000005068448 БИК KCJBKZКX
Кбе 16
АО БанкЦентрКредит
Төлемақы аталуы «Абай әлемі» байқауы.
Қатысушының аты-жөнін, тегін толықтай көрсету қажет (жіберуші – Резидент:19).
- Kaspi.kz арқылы жүргізіледі:1) Kaspi.kz тіркелу; 2) «Платеж» бөлімі 3)
«Доп. образование»; 4) «Мектеп» 5) «Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы» (Астана қ., Кенесары көшесі, 40); 6) қатысушының деректерін және төлем сомасын енгізуге; 7) сынып деген жерде кез келген санды жазу; 8) кезең деген жерде айды көрсету; 9) төлем түрін көрсету (Kaspi gold,);
10) төлем жаса